426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу материалдары баспаға шығады

  • 102
  • UPD: 19:44, 16.09.2021
Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу материалдары баспаға шығады

Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу материалдарын басып шығаруға мүмкіндіктер беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ осы тақырыпқа қызығатын жастар аудиториясының сұраныстарына бағытталған ақпараттық орта қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Сонымен қатар Мемлекеттік комиссия отырысында архивтерден табылған ғылыми-зерттеу еңбектерді жаһандық цифрлық кітапханаға енгізуге, көркем-публицистикалық шығармаларды ынталандыру жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға назар аударылды. Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссияның қызметін ақпараттандыру мәселесінде ғылыми негізділік пен тарихи объективтілікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ел Үкіметіне, өңірлердің әкімдеріне ақпараттық жұмыста Мемлекеттік комиссияның стратегиялық басымдықтарын қамтамасыз етуге және баспа қызметін кеңейтуге бағытталған тапсырмалар берілді.

Хабар 24 телеарнасы