425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау - Астрахань тас жолының құрылысы бәсеңдеді

  • 166
  • UPD: 23:09, 16.09.2021
Атырау - Астрахань тас жолының құрылысы бәсеңдеді

Атыраулықтардың бас ауруына айналған Атырау - Астрахань тас жолы құрылысының қарқыны бәсеңдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобалау жұмыстары кезінде жіберілген қателіктер құрылысқа қолбайлау болып отыр. Соның салдарынан республикалық жолдың екінші, төртінші учаскелерінде құрылыс тоқтап қалған көрінеді. Енді жобаға түзету енгізіліп, мемлекеттік сараптамаға қайта жіберіліпті. 277 шақырым болатын күре жол жоспар бойынша 2023 жылы салынып бітуі керек.

Әсет Оразғалиев, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ АОФ директорының орынбасары:

-Бұл - құрылыс жұмыстары барысында орын алып отыр. Топырақтың құрамына қатысты. Кейбір жерлерінде гипс анықталды топырақтың құрамынан. Кезінде қабылданған жобалық шешімдерге бүгінгі таңда өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Соған байланысты жобаға түзету енгізіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар аяқталу барысында және мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынғаннан кенйін құрылыс жұмыстары қайтадан жанданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы