Елордада түнде ата-анасының қарауынсыз жүрген 130-дан астам бала ұсталды

Елордада түнде ата-анасының және заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 130-дан астам бала ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ешқайсысы кәмелет жасына толмаған. 14 жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Өз міндетін орындамаған 16 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, соңғы кездері түнгі уақытта жалғыз жүретін жеткіншектер жиі кездесетін болған.

Нелля Дощанова, қалалық ПД Ювеналды полиция бөлімінің бастығы:

- Күн сайын түнгі уақытта тұрғын үй кешендерінің ауласы, саябақтар және көшелер үнемі бақыланады. Жастар көп жүретін жердің барлығын назарда ұстаймыз. Ата-ананың жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуінен ересектерге арналған көңіл көтеру орындарында кәмелет жасқа толмағандар жиі кездесіп жатады. Осы ретте түнгі уақытта ата-аналар баланы қадағалауды естен шығармаған жөн.