Алматыда климат мәселелеріне арналған халықаралық кеңес өтті

Дәл осы ауаның ластануы Алматыда өткен халықаралық жиында да талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанның министрлері қатысты. Сондай-ақ АҚШ президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри келді. Қоршаған ортаға жауапты ведомство басшылары атмосфераға бөлінетін көмірсутегін азайтудың жолдарын талқылады. Бұдан бөлек, тараптар жаһандық жылынуды Цельсий бойынша 2 градустан төмен деңгейге дейін шектеу жөніндегі бағдарламаны сөз етті. Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өңірлік климаттық хаб құру туралы ұсыныс білдірді. Министрдің айтуынша, біздің елдің көміртекті бейтараптық тұжырымдамасы 2060 жылға қарай дайын болады.

Серіққали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Жоспар бойынша энергия тиімділігін арттыру көзделеді. 2060 жылға қарай баламалы энергия көзінің үлесін шамамен 82%-ке жеткізу қарастырылған. Көмір генерациясының үлесі қазіргі 69%-пен салыстырғанда нөлге дейін азайтылуы тиіс. Бұл біздің Қазақстан экономикасы үшін өте күрделі әрі маңызды қадам.

 

 

Сондай-ақ...