Еліміздің 10 қаласындағы ауа лас

Бұл мәселені шешу үшін оларды газбен қамтып, баламалы энергия көздеріне көшіру қажет.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай дейді. «Қазгидромет» жүргізген экологиялық зерттеуге сай Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалаларында атмосфералық ауаның таза емес екені анықталды. Осыған байланысты елде 17 жол картасы әзірленді. «Осылайша, 2025 жылға қарай 10 қаладағы атмосфералық ауаның жай-күйі жақсарады», - дейді комитет басшысы.

Зұлфұхар Жолдасов, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары жылыту орындары, автокөлік пен жеке сектордан шығатын түтіннің әсерінен болады. Өскемен және Теміртау қалаларында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе және Атырау қалаларында ескірген кәріздік-тазарту құрылыстары жоғары ластанудың себебі болып отыр.

Сондай-ақ...