Қазақстанда жалған ПТР-тест пен вакцина паспортына қатысты 156 іс қозғалды

Елде жыл басынан бері жалған ПТР-тест анықамасы мен вакцина құжатын  жасағандарға қатысты 156 қылмыстық  іс қозғалды.

Оның 20-сы сотқа жолданып, 17 тұлғаға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысумен өткен ведомстоаралық топтың кезекті отырысында айтылды. Жедел алдын алу іс-шаралары мен түсіндірме жұмыстарына қарамастан заң бұзушылықтар тыйылар емес. Мәселен, күні кеше елордада қалалық емхананың екі медбикесі мен делдалдық еткен мектеп мұғалімі ұсталды. Белгілі болғандай, олар 100-ге жуық адамға жалған вакцина құжатын жасап берген.