«Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Египет делегациясымен кездесу өткізді

«Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин Египет Араб Республикасының Бас консулы Абделхамид Хани Абделхамид Эльрафи бастаған Египеттің делегациясымен кездесті.

Келіссөз барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, «Хабар» Агенттігінің журналистері мен Египеттің ірі телеарналары арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ Египеттің аумағындағы кабельдік операторлар торында «Qazaq TV» телеарнасының хабар тарату мүмкіндігі талқыланды.

Еліміздегі ең ірі медиахолдингтің басшысы Ерлан Бекхожин Египеттің ұлттық медиа кеңесінің директоры Хусейн Камаль Абделькадер Зейнмен бірлесіп деректі фильмдер шығару, соның ішінде көрнекті тарихи тұлға -  Сұлтан Бейбарыс туралы кино түсіру бастамасы жайында пікір алмасты.

«Бүгінгі кездесу біздің компаниялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Қазіргі кезде Агенттік телехикая, деректі және көркем фильмдер, халықаралық форматқа сай түрлі жанрдағы бағдарламаларды шығарып, контентті дистрибуциялаумен айналысады. Біз жан-жақты ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді Ерлан Бекхожин.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Сондай-ақ...