425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шаруалар суару жүйесіне зәру

  • 121
  • UPD: 20:36, 17.09.2021
Шаруалар суару жүйесіне зәру

2010 жылғы апаттан кейін қалпына келтірілген Қызылағаш су қоймасының игілігін шаруалар әлі көре алмай келеді. Біріншіден, гидроқұрылғы сынақтан өткізіліп жатыр. Екіншіден, су тарататын жүйе  ескіріп, істен шыққан. Сондықтан Ақсу ауданының шаруалары қолдан суару жүйесін салып беруді сұрайды.

Серік Дәрменовтің алқабындағы қант қызылшасы биыл бітік шықты. Қазір ол тәтті түбірді тағы бір мәрте суғарып жатыр. Қызылағаш су қоймасы қалпына келтірілгелі шаруа тіршілік нәрінен тарыққан емес. Алайда ирригациялық жүйенің жоқтығынан арықпен келетін судың біразы жерге сіңіп кетеді екен. Сондықтан шығын да көп. Дала еңбеккері 70 гектар егістікті суаруға 500 мың теңге төлейді.

Серік Дәрменов, шаруа:

– Құбыр қойылса, есептеуіш қойса, бізге жақсы болар еді. Суға да үнем болар еді. Ол жерге сіңбейді, бізге келеді алқаптың басына, жан жаққа қашпайды. Мына жерде ешкім арығын тазаламайды. Бір суғарғаннан кейін қалады. Шөп басқан қалпы тұрады. Келе жатқан су қайда барады. Алдыға жүре алмайды. Жайылады. Труба болса адамдардан да сұрап аласың. Ал мында кімнен сұрайсың.

Қызылағаш су қоймасына 40 млн текше метрден аса су жиналады. Онымен 7 мың гектар алқапты суаруға болады. Қалпына келтірілген нысан екі жылдан бері сынақтан өткізіліп келеді. Жыл соңында толықтай пайдалануға берілмек. Содан кейін ирригациялық жүйелер жөнделеді,- дейді жауаптылар.

Серік Құсмолдин, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары:

– Жоба дайындалды. Сол жоба бойынша 8,9 млрд , 100 км асатын ирригациялық жаңа жүйелер салынады. Скл Қазір бұл жоба республикалық деңгейде қаралып жатыр. Бұл жоба жүзеге асқаннан кейін Қызылағаштың жер көлемі 6 мыңнан астам жер көлемі қайта пайдалануға кіреді.

Сонымен қатар ауданда Бүйен және Покатиловка су бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Сол кезде аймақтағы 25 мың гектардан аса жер егістік айналымға енеді.

Авторлары: Ш. Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы