Маңғыстауда жол апатына түскен 3 бала қалаға жеткізілді

Маңғыстауда жол апатына түскен 3 бала қалаға жеткізілді

Қарақия ауданында жол апатынан ауыр жараланған 3 бала бүгін Ақтауға жеткізілді. Олар көпбейінді балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Басынан жарақат алған 1,5 жастағы баланың жағдайы ауыр. Ал 9 және 10 жастағы қыз балалар травматология бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Медицина мамандарының айтуынша, әзірге науқастарды басқа қалаға тасымалдауға болмайды.

Еске салайық, кеше Маңғыстау облысында жол талғамайтын көлік аударылды. Салдарынан 3 келіншек пен 2 ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Нұрбол Оқуов, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Жол апаты болған күні 8 жастағы қыз баланы жедел жәрдем бригадасын күтпей, бірден Ақтау қаласына жеткізген болатын. Қазір оның да жағдайы ауыр. Тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өз күшімен демалуда. Беті бері қарайды деп үміттеніп отырмыз.