Алматыдағы жолайрық құрылысы аяқталатын емес

Алматы қаласындағы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қилысындағы жолайрықтың құрылысы әлі аяқталар емес.

Бұл жағдай сол маңдағы тұрғындар мен көлік жүргізушілерінің наразылығын тудырды.

Айта кетейік, нысан екі жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс еді. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталмауына жер телімдеріне қатысты кедергілер себеп болған. Ал қазір 6 мердігер компания жұмылдырылып, жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр екен.

Қайрат Анарбаев, қалалық мобильділік басқармасы жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бас маманы:

– Батыс жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу және де барлық алты трек эстакаданың Емцов көшесінің бойында орналасқан салу жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік мұқтажсыз жер телімдерін толығымен алынған және бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда құрылыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Қазіргі кедергі бір жер телімі алынбай тұр. Ол Изат кафесі құрылыстың оңтүстік-шығыс жағында орналасқан.