Ақтөбе облысында шектеу шаралары жеңілдетілді

Облыстың бас санитарлық дәрігері жексенбі күндері қоғамдық көлік қызметіне рұқсат берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ мейрамханалар мен банкет залдары жұмысын жандандырады. Алайда бірқатар талаптар да бар. Мәселен олар Ashyq қосымшасы арқылы тек «жасыл» мәртебесі бар жандарды ғана кіргізуі тиіс. Және 50 адамнан аспауы шарт. Бұдан бөлек, спорттық шараларды да көрерменнің қатысуымен өткізуге болады. Бастысы, санитарлық талаптарды сақтай отырып, залдың 20%-ін ғана толтыруға рұқсат етілді. Айта кету керек, облыс бойынша короновирусқа қарсы вакцина салғандардың саны 305 541 адамға жеткен. Олардың 252 668-і екпенің екінші құрамдас бөлігін де салдырған.