425,71 496.50 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Төле би ауданына қарасты жеті елді мекенге газ тартылып жатыр

  • 135
  • UPD: 08:07, 18.09.2021
Төле би ауданына қарасты жеті елді мекенге газ тартылып жатыр

Түркістан облысы Төле би ауданына қарасты жеті елді мекенге көгілдір отын тартылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл халқы көп күткен газ мәселесін шешу үшін бюджеттен қаражат бөлінді. Аудан әкімдігі бұл жұмыстарға 900 миллион теңге қаралғанын мәлімдеді. Қазір ішкі құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде. Ал жергілікті тұрғындар көп ұзамай көмір мен отын тасымайтын болдық деп үміттеніп отыр. Дегенмен, үйді-үйге тартылған газ құбырын халықтың өзі аулаға кіргізіп алуы керек. Қазіргі уақытта Түркістан облысында бір ғана аудан толық көгілдір отынмен қамтылған.

Серғазы Қалдыбаев, Төле би аудандық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Қазіргі кезде сәуір айында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жалпы құрылыстың негізгі біту уақыты 2022 жылға ауыспалы. Осы аудан бойынша 7 елді мекен газбен қамтылатын болса, бізде 100% қамтылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы