Б.Смағұл: Ардагерлер комитетін құру керек

Қорғаныс министрлігі жанынан Ардагерлер ісі жөніндегі комитет құру керек.

Ауған соғысының ардагерлері осындай ұсыныс білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастамашылардың айтуынша, ұйым өкілдерін тек айтулы күндері ғана шақырмай, ардагерлердің азаматтық тәжірибесін іс жүзінде пайдалану қажет. Жаңа құрылым ардагерлердің әлеуметтік-медициналық мәселесін шешуге көмектеседі. Айта кеткен жөн, елімізде қазір 16 мыңға жуық ауған соғысының ардагері бар.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Еліміздің, іргеміздің сөгілмеуін, қанның нықақтан төгілмеуін ары қарай сақтау ардагерлердің әлеуетін тиімді пайдалана білсек, ол өте орынды болады. Сондықтан ардагерлер ешқашан өзінің жеке басының пайдасын ел мұраттарынан немесе мемлекет мүддесінен жоғары қойған емес. Алайда ардагерлер туралы қабылданған заңда олардың намысына тиетін, олардың денсаулығының төмендеп бара жатқанын соған ерекше көңіл бөлу дұрыс деп ойлаймыз.