Елордада түн ішінде көше кезіп жүрген екі бала анықталды

Бес жасар бала, үш жастағы інісін ертіп түнгі сағат екіде көше кезіп жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда тұрғыны 102 пультіне хабарласып, екі баланың Уәлиханов көшесінің бойында жүргенін айтқан. Бүлдіршіндер балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Құқық қорғау органы қызметкерлері екі баланың түнде үйде жалғыз болғанын, ал анасы көршілерімен бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын анықтаған. Әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балалардың анасын ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу мәселесі қаралып жатыр. Жалпы жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының екі азаматы ата-ана құқығынан айрылып, жеті адам шектелген. 200 отбасы тіркеуде тұр.

Нэлля Дощанова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ювеналды полиция бөлімінің бастығы:

- Жедел іздестіру іс-шаралары басталғаннан бері полицейлер қалада түнде жүрген 130-дан астам кәмелетке толмаған баланы анықтады. Оның 14-і қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. 82-сі тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарға балаңыздың жүрген жері.