Қарағанды облысында өткен сенбілікке 6 мыңға жуық адам қатысты

Қарағанды облысында бүкіләлемдік науқан аясында өткен сенбілікке 6 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еріктілер акцияны «Жеңіс» саябағын тазалаудан бастады. Бүгін мұнда 2 мыңнан астам ағаш егіледі деп жоспарланған. Жергілікті мамандар ақпараттық түсіндіру жұмысын да естен шығармады. Жаңа заң бойынша рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккендерге 145 мың теңге айыппұл салынады.

Тағы айта кетейік, бүкіләлемдік тазалық күні 150 елде өтіп жатыр. Онда 380 миллионға жуық экобелсенді ғаламшарды қоқыстан арылту мақсатында күш біріктіреді.

Бақтияр Санбаев, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде «Ғарыш сапары» деген ғарыш мониторингі бар сол арқылы бізге түсіп тұрады барлық қала аудандардағы жағдай. Сонда барлық қала және аудан әкімдері заңсыз қоқысты жою бойынша шара қабылдауда. Бір мыңнан астам қоқыс бар, соның 80%-і жойылуда. Осы айдың соңына дейін қоқыстың барлығын жоямыз деген сенімдемін.