426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда дала өртінен денесінің 90%-і күйген адам қайтыс болды

  • 169
  • UPD: 19:05, 18.09.2021
Қарағандыда дала өртінен денесінің 90%-і күйген адам қайтыс болды Иллюстративті фото / 24.kz

Бүгін Қарағанды облысының Қарақаралы ауданында денесінің 90%-ін термиялық күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте дала өртін сөндіру кезінде Қарақаралы ауданының үш тұрғыны зардап шеккен болатын. Олардың денесінің 18, 28 және 90% күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі бүгін Қарқаралы орталық аудандық ауруханасында қайтыс болды.

«Егіндібұлақ ауылынан 3 адам жеткізілді. Оның біреуінің денесін 90% күйік шалған. Өте ауыр күйік шогын алған. Термоингаляциялық жарақат. Жасалған шараларға қарамастан, өкінішке орай, науқас алған жарақатының ауырлығынан қайтыс болды. Екінші науқастың 28% денесін күйік шалған, үшіншісінде - 18% күйік. Олардың жағдайы тұрақты», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 6 табиғи өрт сөндірілді. Жалынды сөндіруге 339 адам және 94 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы