Көкшетауда тіл жанашырлары марапатталды

Көкшетауда тіл жанашырлары марапатталды. Мерекелік шара Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Жиында осы тақырып аясында өткен түрлі байқаулар қорытындыланып, жеңімпаздар сый-құрметке бөленді. Мерекелік шараға келген көпшіліктің назарына көрме де ұсынылды.

Көрмеге аймақтағы тіл жанашырларының түрлі еңбектері қойылған. Солардың ішінде келушілерді ең қатты қызықтырғаны – қазақша сөйлейтін құлтемір. Оны Степногорск қаласындағы тау-кен техникалық колледжінің 1-курс студенті Темірлан Құдайбергенов құрастырған. Ондағы тіл мамандарының сөзінше, мемлекеттік тілді меңгертудің әдіс-тәсілдері көп.

Индира Шерәліқызы, Степногорск қаласы оқыту-әдістемелік орталығының өкілі:

- Іс-шаралар арқылы және ойындар арқылы өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету. Жыл сайын бізде 400-450 маман қазақ тілін бітіріп, сертификаттар алып шығады.

Ал қазақ тіліне қызығушылық танытқандардың көбі жастар екені қуантады.

Николай Дураченко, Степногорск қаласы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан, әрбір қазақстандық мемлекетті тілді білу керек. Ол, бүкілінің парызы деп ойлаймын негізі. + 16:15:31 Өзім Ерейментау ауданы, Сілеті ауылынан туған жерім болады. Қазақ тілін жас кезімнен білемін. Әкем өзі қазақ ауылында туып-өскен. Сол үйретті мені жас кезінен.

Ал салтанатты жиында тіл саясатына сүбелі үлес қосып, қазақ тілінің дамуына атсалысқан 30 шақты адам марапатталды. Олардың арасында тіл жанашыры боп жүрген журналистер де бар. Мәселен, Бақыт Смағұл, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық онлайн байқауының жеңімпазы атанды.

Бақыт Смағұл, журналист, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің басшысы: 

- Тілді мемлекеттік тұрғыда ғана қозғау салып, дамытатын мәселе емес. Бұл, әр адамның жүрегінде болу керек. Сондықтан мен ойлаймын қазақ болып туғаннан кейін қазақтың тілін біліп, осы елдің тірегіне айналу – әр азаматтың парызы болуы тиісті.

Жалпы Ақмола облысында Қазақстан халқының тілдері күні аясында 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылған болатын. 

Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко