Бүгін – «Аналар күні» мерекесі

Бүгін елде – Аналар күні. Ұрпақ тәрбиелеп, шаңырақтың ұйытқысы болып отырған ақ жаулықты әйелдер қауымына, алғыс айту идеясы Елбасы, Тұңғыш Президенттің бастамасымен бекітілген.

Қазір қай істе болса, осы әйелдер қауымы белсенді. Ал қарағандылық көп балалы аналар, үйде отырып-ақ кәсіп бастай алады. Ол үшін арнайы курс бар. Алғашқы курс – торт пісіруді үйретеді. Өйткені кон-дитерлік өнімге, сұраныс жоғары. 

Бес баланың анасы, «алтын алқа» иегері - Дияра Жанабаеваның жасы 30-дан енді асқан.   Бүлдіршіндеріне лайықты тәрбие беру  үшін жұмысқа шықпаған. Есесіне, үйде отырып-ақ пайдаға кенелуге ниетті.

Дияра Жанабаева, көп балалы ана:

– Ондай мастер кластар өте қымбат. 20-25 мың теңге тұрады. Оны қалтада көтере бермейді. Мына шаңырақтың ұйымдастырғаны бізге өте қолайлы, тамаша болды. Осы шаңырақта арнайы грант ұтып алуға болады дейді. Оған қандай пеш алуға болады барлығын көрсетті.

Жобаны қарағандылық «Шаңырақ» және «Ана-Мама» көп балалы аналарды қолдау орталығы ұйымдастырған. Бір ғана Шаңырақ орталығында - Қарағанды бойынша 2 мыңға жуық ана бар екен. Оның 1900-ы «Алтын алқа» иегері. Бәріне тең мүмкіндік жасау мақсатында курстар тегін өткізіледі.

Ләззат Қожахметова, «Шаңырақ» көп балалы аналарды қолдау орталығының басшысы:

– Бүгін біздің кондитер маман қандай аппарат алу керек, қандай пеш, қандай араластыратын құрал алу керек соның бәрін көрсетеді 583 мың теңгенің грантына. Соның ішінде біз әр ананың үйренгенін кейін сатуға шығаруына және жарнамалауға көмектсуге мүдделіміз. 

Алғашқы шеберлік сағатына 30 адам іріктеліпті. Енді аналарға тігін курсы, содан кейін «ІТ» саласы оқытылады. Оғанда қатысуға ниет білдіргендер іріктелген. Кейін шеберлік сағатына қатысушыларға арнайы сертификат табысталады.

Авторлары:Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Сондай-ақ...