Атырау облысында 10 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр

Атырау облысында 10 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қызылқоғада «Ауыл – алтын бесік» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Былтыр белгіленген 10 әлеуметтік жобаның 3-і пайдалануға берілген. Аудан орталығындағы 500 орындық стадион құрылысы маусым айында басталған еді. Қазір негізгі жұмыстар аяқталып қалған. Қараша айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ  Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарында көшелерді  жарықтандыру жұмыстары да аяқталып келеді. Жұмысшылар негізінен жергілікті азаматтар. Биыл аудан бойынша жалпы құны 1,4 млрд теңгенің 3 жобасы іске асса, келер жылы тағы 4 жоба басталады. Бұл мақсатқа 3 млрд теңге бөлінеді. Жалпы, республикалық «Ауыл-алтын бесік» бағдарламасы осындай шағын елдімекендер мен алыс аудандарды абаттандыруға арналған. Соның нәтижесінде жүздеген адам жұмыс тауып отыр. 

Дулат Нәубетов, Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Бізде тағы 9 нысан бойынша жалпы 60 жуық адам тартылған. Қазіргі уақытта Сағыз ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Миялы және Сағыз ауылдарында ауыл ішілік жол құрылыстары жүріп жатыр. Жалпы, осы екі жылдық жобалар 2022 жылы аяқталады деп күтілуде.