Өрт сөндіруші, сен батырсың!

Петропавлда жыл басынан бері 12 адам өрт кезінде көз жұмды.

60-ын өрт сөндірушілер құтқарған. Қауіпті жайттардың көбеюі мен жауапкершіліктің азайғаны әсіресе, қоғамға қауіп болып тұр. Ал оның алдын алудың жалғыз жолы қазір үгіт насихат, ескерту ғана.    

Осы орайда қала ортасындағы 9 қабатты үйдің тұтас қабырғасына, оттың ортасынан баланы алып шығып келе жатқан, өрт сөндіруші бейнеленбек. Бір апта бұрын басталған жұмыс, аяқталуға жақын. 

Владимир Хутинаев, қалалық ТЖБ бастығы:

– Бұл Тараздағы жарылыстан марқұм болған әріптестерімізге арналады. Айтайын деген деген басты ойымыз – бұл мамандығының қандай қауіпті екенін көрсету. Өрт сөндірушілер күн сайын біреудің өмірі үшін өз басын қатерге тігеді.