426,32 492.05 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында тоған салғандар қуаңшылықтан қиналған жоқ

  • 110
  • UPD: 10:03, 20.09.2021
Түркістан облысында тоған салғандар қуаңшылықтан қиналған жоқ

Түркістан облысы да биыл қуаңшылықтың зардабын тартты. Бірақ тоған ұстап, оның пайдасын білгендер ұтылған жоқ.

140 гектарға жуық аумаққа италиялық алма еккен кәсіпкер судан таршылық көрмеген. Тоған тоқтатып, соның арқасында өнімін шашау шығармай жинап жатыр. Әрі тоғандағы суды үнемдеп, жас көшеттерді тамшылату әдісімен суарған. Биыл 265 мың түп жеміс ағашы өнім бере бастады. Қазір «Грении Смит», «Айдаред», «Алтын алма», «Гала» сынды сұрыптар теріліп, саудаға шығарылды. Елдің өзге аймақаттарына да жөнелетілді. Шаруалар тоғанның арқасында төккен теріміз текке кетпеді дейді. Биылғы табиғаттың тосын мінезіне қарамай әр гектарына 10 тоннадан өнім жинапты.

Бағдат Қайыпбеков, бригадир:

– Артық суларды қысыммен жауынның, бұлақтың суларын бір жерге тоғандар жасап, арнайы артығымен жинап алғанбыз. Соның арқасында биылғы жылы қуаңшылықтан аман-есен шығып отырмыз. Арнайы насос станциясы. Барлығы осы жерде фильтр арқылы шығады. Барлығы сүзгіден өтіп, арнайы дәрумендер беріліп, бауға жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы