Израильде қатаң режимдегі түрмеден қашқандар түгел ұсталды

Израильде әскерилер қатаң тәртіптегі түрмеден қашқандарды түгел ұстады. Қазір олардан жауап алынып жатыр.

Айта кеткен жөн, қыркүйектің басында 6 палестиналық Израильдің солтүстігіндегі Гильбоа түрмесінен қашып кеткен еді. Бұл мекеме елдегі ең жақсы күзетілетін абақты саналады. Оның аумағында 72 видеобақылау камерасы орнатылған. Ал қылмыскерлер дәретхананың астын қазып, кәріз жолы арқылы қашып кеткен. Олардың барлығы лаңкестік үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар.

Сондай-ақ...