Елордаға жылу қашан беріледі?

Елордада бес күн қатарынан ауа температурасы 10 градустан төмен болса, тұрғын үйлерге жылу беріледі.

Бұл туралы қалалық отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есма-ғұлов айтты. Бас шаһардағы жеке меншік секторды газдандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазір шамамен 5 мың жер үйге, құбыр тартылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 3 есе артады. Биылғы жылу маусымында қаладағы 3 жылу электр станциясы да, отынға газ қол-данатын болады.

Мақсат Есмағұлов, қалалық отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы:

- Есіл ауданына қарасты бізде тұрғын алаптар бізде газдандыру 2022-2023 жылдарға дейін жоспарланған. Оған негізгі әкелуші газопровод айналма жолдың бойымен "Тельман" тұрғын алабы бұрылысқа дейін бізде әкелетін үлкен газ құбырын салдық. Қажетті газ тарату орталығын сол жерге орнатты. Бізде жалпы екінші кезекте Фэмили Вилладж, Гарден Вилладж, "Пригородный" тұрғын алаптары, үшінші кезекте Ильинка мен Лесозавод, қала орталығындағы Шұбар тұрғын алабы газдандырылады.

Ал биыл газға қосыла алмаған тұрғындарды, жергілікті билік 12 мыңнан астам тонна көмірмен қамтамасыз етеді. Қара отын арнайы белгіленген 12 сауда орнында жазғы бағамен сатылады. Әкімдіктегілер алып-сатарлардан сақтануға шақырады. Күн суыт-қанын күтпей ақ, алдын ала сатып алуға да болады. Айта кеткен жөн, биыл жалпы ұзындығы 3,5 шақырым жылу желісі жөнделген. 50 шақырымдай электр желісі мен 5 шақырым су және кәріз құбырлары жаңартылды.