426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Facebook, Instagram, Telegram Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аккаунттарына верификация белгішелерін берді

  • 114
  • UPD: 12:17, 20.09.2021
Facebook, Instagram, Telegram Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аккаунттарына верификация белгішелерін берді Bitcoin-Novosti.ru

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook, Instagram және Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына аталған компаниялардан верификация белгілері берілді.

Верификация белгішесі — бұл аккаунты әлеуметтік желі әкімшілігі тексергенінің дәлелі.

Бұл таңбаның болуы аккаунтты жалған парақшалардан қорғайды және адамдарға шынайы парақшаны табуға көмектеседі.

– Егер сіз растау белгішесін көрсеңіз, бұл біз Парақшаны немесе Профильді тексеріп, олардың иелері шынымен өздері шығаратындарын растады дегенді білдіреді. Егер белгіше болмаса, онда бет немесе профиль жалған болуы мүмкін, — деп жазады Facebook әкімшілігі.

Instagram-дың негізін қалаушыларының бірі Майк Кригер бұл құралдар әлеуметтік желіні қауіпсіз етуге және жалған аккаунттардың таралуын тоқтатуға көмектеседі деп атап өткен болатын.

Facebook, Instagram, Telegram іздеу жүйесінде танымал @aqparatqogam атауын теру арқылы ҚР АҚДМ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылуға және ведомствоның қызметі туралы бірінші болып хабардар болуға болады.

Сонымен қатар журналистермен және БАҚ өкілдерімен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін ҚР АҚДМ баспасөз қызметінің арнайы WhatsApp Business және Telegram-bot нөмірлері жұмыс істейтінін еске саламыз. Нөмірі + 77472778468.

Хабар 24 телеарнасы