Жалған терроризм фактілері азайды

Соңғы он жылда жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарламалар саны азайды. Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мысалы, 2011 жылы 123 факт тіркелсе, былтыр 50, ал биылғы жылдың 8 айында 52 қылмыстық іс тіркелген. Статистикға сәйкес, елді дүрліктіргендердің 88 проценті жұмыссыздар, 9 проценті қызметтегі азаматтар және 3 проценті оқушылар. Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасағандар дауысын өзгертсе де, тіпті sim-картасы мен телефонын ауыстырса да табылады деді министрлік өкілдері.

Дархан Разуев, ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл дапартаменті бастығының орынбасары:

- Статистикаға Қазақстанда терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін 5000 АЕК, бұл 14,5 млн теңге немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы 5 жылға бас бостандығын шектеу шаралары қолданылады.