Ақтөбеде көршісінің атына бірнеше несие рәсімдеген тұрғынға қатысты сот шешімі шықты

Енді 31 жастағы әйел алдағы үш жылын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда өткізеді.

Белгілі болғандай, ол көршісімен жақсы қарым-қатынаста болған. Тіпті оның өзі берген төлқұжаты арқылы коммуналдық қызмет ақысын да төлеп жүріпті. Алайда бұл мүмкіндікті пайдаланып, шағын қаржы ұйымдарынан жалпы соммасы 550 мың теңге болатын, онлайн түрде 12 несие алған көрінеді. Ал әйелдің әрекетінен зардап шеккен тұрғын қарызды төлеу туралы қоңыраулар түскенде ғана алданғанын бір білген. Нәтижесінде берешектен өзге 700 мың теңге өсім пайызын өтеген. Кейін анықталғандай, қолға түскен күдікті тағы екі танысын алдап, ақша алыпты. Ол сотта кінәсін толық мойындады.