Алматыда Кабулға көмек көрсететін хаб құрылады

Алматыда Ауғанстанға көмек көрсететін хаб құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов хаб құруды ұсынған. Аталған ұйым бұл бастаманы мақұлдады.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Алматы мен Кабул арасына ұшақпен 3 сағатта жетуге болады. Яғни көлік-логистика тұрғысынан ыңғайлы. Халықаралық орталықта гуманитарлық көмек сақталып, үлестіріледі. Соның арқасында Ауғанстан экономикасын құлдыраудан, босқындар легі артуынан және өзге гуманитарлық салдардың алдын алуға сеп болады.

Сондай-ақ...