425,71 496.50 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлда жағдайы төмен отбасыларға тиесілі баспана басқаларға заңсыз берілген

  • 140
  • UPD: 19:47, 20.09.2021
Петропавлда жағдайы төмен отбасыларға тиесілі баспана басқаларға заңсыз берілген

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тиесілі баспана басқа біреулерге берілген. Мұны қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде аудит жүргізген тексеру комиссиясы анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы сомасы 3 миллирд теңге қаржылық заңбұзу дерегі әшкереленді. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлерді негізсіз берудің 9 фактісі анықталып, тұрғын үй заңнамасының жүйелі түрде бұзылғаны да мәлім болды. Екі пәтерді аталған бөлімнің қызметкерлері жалдап тұрған екен. Заңсыздыққа жол берген бөлім басшысына айыппұл салынды.

Марат Ебжанов, аудит комиссиясының мүшесі:

– Жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша материалдар Петропавл қаласының әкімдігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және прокуратураға жіберілді. Жалға берілген 4 пәтер бухгелтерлік есепте тұрмаған. Ал жалпы аумағы 170 шаршы метр болатын баспана тіпті жекенің қолына өткен.

Хабар 24 телеарнасы