426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО соты өрт сөндіру бөлімі басшысының өліміне қатысты сот үкімін шығарды           

  • 139
  • UPD: 19:51, 20.09.2021
БҚО соты өрт сөндіру бөлімі басшысының өліміне қатысты сот үкімін шығарды              

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты Қарауылтөбе ауылындағы өрт сөндіру бөлімі бастығының өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сотталушы 29 жастағы Руслан Макишев биыл 25-ші наурызда Қарауылтөбе ауылында өрт сөндіру бөлімінің бастығымен сөзге келіп қалған. Кейін бөлім бастығын соққыға жығып, ауыр дене жарақатын салады. Ақан Нұрғалиев ауруханада қайтыс болды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Нұргүл Қанатбаева  БҚО сотының баспасөз хатшысы:

– БҚО Ақжайық ауданының нөмірі 2-ші сотымен Макишев Руслан Қайнарович ҚК 106 бабының 3 бөлігімен, яғни жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айыппен кінәлі деп танылып оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 14 бабы 1 бөлігіне сай сотталушы Макишевтің әрекетінде қылмыстың қайталануы танылып, жазасын ҚАЖ қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы