425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президент белгілі жазушы Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

  • 168
  • UPD: 21:52, 20.09.2021
Президент белгілі жазушы Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Рафаэль Ниязбек ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында жемісті жұмыс жасады. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға көп үлес қосты. Шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.

 

Хабар 24 телеарнасы