«Хабар» арнасында «Рауза» телехикаясының жаңа маусымы басталды

 

Бүгін «Хабар» арнасында сағат 21:30-да «Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы басталды.

Тарихи қылмыстық драма 16 бөлімнен тұрады.

Телетуындының бірінші маусымы шытырман оқиғасымен көрермен жүрегін жаулап алса, екінші маусым аласапыранға толы 90-жылдар мен өркендеген қазіргі шақты көрсетеді.

Бірінші маусым махаббат пен лирикаға толы болса, екінші маусымда экшнға басымдық берілді.

Алғашқы маусымда аяқталмай қалған оқиғалар, екінші маусымда жалғасын тапты.