Маңғыстау өңірі «жасыл» аймаққа оралды

Маңғыстау өңірі коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймаққа оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, елде эпидахуалы тұрақты өңірлер қатары үшеуге жетті. Бұрыннан бұл тізімде Түркістан мен Жамбыл облыстары бар. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар қауіптің «қызыл» деңгейінде. Қалған өңірлер «сары» аймақ санатында.