Елордада 3500 адам Қазақстанда тіркеусіз тұрғаны үшін ұсталды

Елордада 1 қыркүйектен бері 10 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 3500-і Қазақстанда тіркеусіз тұрғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов мәлімдеді. Айтуынша, жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 52 мыңға жуық пәтер мен 8 мың жеке үйлерді аралап шықты.

Арман Айтмағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы:

- Іс-шараның бірінші кезеңінде іздеуде болған азамат анықталды. Осылайша Сарыарқа ауданының учаскелік полиция инспекторы қылмыскерді ұстады. Ол ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бас шаһарда 309 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Олар халықпен тиімді қарым-қатынасы үшін әлеуметтік желідегі WhatsApp қосымшасын пайдаланып жатыр. Бұл тәжірибе оң әсірен тигізген. Енді олар тұрғындардың арыз-шағымын қабылдау үшін Telegram мобильдік қосымшасын да іске қосуды жоспарлап отыр.