Жезқазған жылу маусымына дайын

Жезқазғандағы жылу энергия орталығы алдағы жылу маусымына 100 процент дайын.

Олар облыс бойынша алғашқы болып әзірлік паспортын алды. Сонау 1952 жылдары салынған станцияның бүгінде біраз қондырғысы ескірген. Осыған орай мұнда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әбден тозған құрал-жабдықтар 2038 жылға дейін кезең-кезеңімен түгел жаңартылмақ. Биыл 10-қазандық ауыстырылып, тағы 2 агрегат күрделі жөнделмек. Сондай-ақ тоқ жүйесі толықтай ретке келтіріледі. Ол үшін 7 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Мадияр Алтыбаев, компания директоры: 

- Номері 11 котелда модернизация болып жатыр. Оған АСУТП жүйесін енгізіп жатырмыз. Енді былай атқанда технологиялық құрылысты автоматтандыру жүйесі ғой. Машинистер котелға жүгірмей, өз орнында отырып, бүкіл процесті өз орнынан істей береді. Ол да үлкен жетістік деп ойлаймын біз үшін. Қысқы маусымда мына қасымыздағы өндірістерге керегі 350 гигакалория, одан артық алмайды. Сол себептен жылу мөлшерінен бізде дефицит жоқ, қайта профицит бар.