425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда 95 жастағы қария вакцина салдырды

  • 137
  • UPD: 18:08, 21.09.2021
Қарағандыда 95 жастағы қария вакцина салдырды

Қарағандыда 95 жастағы соғыс ардагері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Ол «Спутник V» екпесін алуды жөн көрген. Ал дәрігерлер болса аталған процедураны ардагердің үйіне барып жүргізді. Алдымен денсаулығын мұқият қараған ақ халаттылар қарияның денсаулығында кінәрәт жоқ екенін айтады. Николай Рассказимов 1943 жылы майданға аттанып, Қиыр Шығыста атқыштар бөлімінің командирі болған. Ол II дәрежелі «Отан соғысы» ордені және «Ерлігі үшін» медалінің иегері. Бұл ісі арқылы соғысты жеңген қария індетті жеңудің басқа жолы жоқ екенін көрсеткісі келген. Бүгінгі күні Қарағанды облысында 450 мыңға жуық адам екпенің екі компонентін салдырды.

Николай Рассказимов, соғыс ардагері:

- Мен неге вакцина алмауым керек? Өзімнің, балаларымның қауіпсіздігі үшін керек бұл. Екі жылдан бері дендеп біткен ауруды осылай жеңбесек, басқа жолы жоқ сияқты.

Рустам Хасенов, дәрігер:

- Бүгін біз «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін ектік. Екіншісін 21 күннен кейін келіп саламыз. Дәрілік заттарға аллергиясы жоқ. Созылмалы аурулары да жоқ. Қан қысымы қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы