426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлттық кеңестің белсенділігі артады

  • 144
  • UPD: 18:08, 21.09.2021
Ұлттық кеңестің белсенділігі артады

Ауыл әкімдерінің сайлауына ұлттық кеңес мүшелері қатысып, оның барысын бақылап отырады.

Бұл жөнінде Ұлттық қоғамдық келісім кеңесі отырысында айтылды. Енді кеңес мүшелері түрлі бастаманы ұсынып ғана қоймай, жүзеге асуына да тікелей араласады. Бүгінге дейін кеңестің мұрындық болуымен 80-ге жуық құқықтық акт қабылданды. Ішінде 17 заң бар. Тағы 15 заң жобасы қаралып жатыр. Жалпы 2 жылда атқарылған жұмыстар арнайы жинақ ретінде жарық көріп, бүгінгі жиында таныстырылды.

Ерлан Қарин,  ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Бірізділік болу керек. Реформалар бір-бірін толықтырып отыруы керек. Реформалардың жасандылығынан кетуіміз керек. Реформалардың шынайы өмірде қалай көрініс тауып жатыр, соған мән беруіміз керек. Әйтпесе болады кей елдерде бастамаларды кабинетте дайындайды, бірақ олардың іс жүзіндегі көрінісі қандай? Біз реформаларды дайындау барысында да диалог орнатуымыз керек, жүзеге асуын қоғаммен бірлесе қадағалауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы