425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауылда малға арналған көпірасты өткелдерін көптеп салу ұсынылды

  • 116
  • UPD: 21:38, 21.09.2021
Ауылда малға арналған көпірасты өткелдерін көптеп салу ұсынылды

Кейбір ауыл маңындағы үлкен трассаларға қоршау қойылмаған, салдарынан жүк көліктері мал қағып, бұдан азғантай малмен күн көрген шаруалар шығынға батады.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сырым Ертаев осылай дейді. Мал ұстайтын шаруалардың жайын көтерген ол, жауапты ведомстводан төрт түлікке арналған көпірасты өткелдерін көбейтуді сұрады. Министрлік өкілдері кейбір ауылдарда жол жиегіне қойылған қоршауларды ұрлап кететінін айтады. Дегенмен, ведомство малға арналған өткелдері жоқ елді мекендер тізімі жасалып жатқанын тілге тиек етті.

Сырым Ертаев, ҚР Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі:

- Транзиттік бағыттағы үлкен фуралардың өзі жақында жүздеген қойды қағып кетті. Кішкентай шаруаның бүкіл малын қағып кетті. Енді ол жерде жауапкершілікке тарту үшін көптеген айқай туындап жатыр. Осы мәселелер енді көп ауылдың арасында көпірасты өтпектері, мал өтетін жерлер ұзақ болғандықтан малдар жолға шығып кетіп жатыр. Оны фуралар қағып кетіп жатыр. Осы бойынша жауап берсеңіз.

Берік Камалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Өте бір өзекті сұрақ қойып отырсыз. Барлық жерде осындай ограждениелер қойылмаған. Біз оны ақшаның бөлінуіне сәйкес қарастырып жатырдық. Біріншіден. Кейбір қойылған жерлердлегі ограждениелердің көбісін ұрлап алып кетеді. Бірақ бізде сетка рабица деген проектімен жасалған. Бірақ біз оны өзгертейін деп жатырмыз. Сетка рабицамен емес бетонный ограждениемен.  Олардың барлығын ала алмайтындай қылып қатырып тастау керек. Каждый метр сайын скотопрогон қоя алмаймыз ғой.

Хабар 24 телеарнасы