426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысында құрлық әскерінің дайындығы пысықталды

  • 134
  • UPD: 12:00, 22.09.2021
Алматы облысында құрлық әскерінің дайындығы пысықталды

Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскері Алматы облысындағы «Көктал» тау полигонында қаруланған топтың көзін жойды.

Бұл – құрлық әскерінің оқу-жаттығуы. Бұл жаттығу кезінде әскерилердің әзірлігі әрі бейтаныс жерде шапшаң әрекет ету қабілеті тексерілді. Жалпы, әскери оқу-жаттығу елдің бірқатар полигонында жүргізілді. Ақтау, Алматы, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда өңірінде орналасқан құрлық әскерінің құрамалары Төтенше жағдай министрлігі, Ішкі істер мен Ұлттық қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимылы пысықталды.

Әскерилердің дайындығын тексеру 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 9 мыңға жуық жеке құрам жұмылды. Сонымен бірге 3 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен 8 әскери кеме жаттығу ісіне қосылған.

Хабар 24 телеарнасы