Елде 20 жылдан кейін жаңа 200-ден аса мамандық пайда болуы мүмкін

2040-шы жылға қарай елде жаңа 200-ден аса мамандық пайда болуы мүмкін. Бұо туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты.

Дені мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, ақпараттық технология, құрылыс, туризм және энергетика салаларында. Алысқа бармай-ақ, алдағы бес жылда 3Д принтерінде басып шығарушы, Бигдата сәулетшілері, ұшқышсыз ұшу аппаратының операторлары сынды қызметтер сұранысқа ие болады.

Ведомствоның есебінше, жұмыс күші, әсіресе, білім саласында қажет. 200 мыңға жуық маман алынуы тиіс.

Өңдеу өнеркәсібінде 105 мың, ауыл шаруашылығында 87 мыңға жуық қызметкер керек. Ал қаржы және сақтандыру салаларында, керісінше тапшылық сезілмеуі мүмкін.

Өз кезегінде 2025 жылға қарай еңбекке қабілетті адам саны елде 11,8 млн-ға жетеді деген болжам бар. Бұл қазіргіден 5 процентке көп.