425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмолада дизель отыны бар автоцистерна өртенді

  • 110
  • UPD: 12:12, 22.09.2021
Ақмолада дизель отыны бар автоцистерна өртенді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысы Жақсы ауданының өрт сөндірушілері бензовоздың жарылуының алдын алды.

Кеше, 21 қыркүйекте 17 сағат 27 минутта құтқарушыларға Газ-53 маркалы автомобиль мен сыйымдылығы 50 текше метр дизель отыны бар автоцистерна жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіше, жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Жүргізушінің айтуынша, ол жанармай құюға келіп, автокөлікке жанармай құю кезінде өрт шыққан, содан кейін өрт дизель отыны бар 50 текше цистернаға жайылған», – деді Жақсы ауданының ТЖБ бастығы Біржан Әбілмәженов.

Өрт 19:50-де ауыздықталып, 20:09-да жойылды.

Хабар 24 телеарнасы