«Біз қазақпыз!» – Шир-Әли Өзбеки

Ақмола облысына Ауғанстаннан 4 отбасы көшіп келді.

Қандастарымыз Көкшетау қаласы, Атбасар, Бурабай және Сандықтау аудандарына қоныстанды. 35 адамның он үші – балалар. Барлық отбасыға баспана беріліп, жұмысқа жарамдылары еңбекпен қамтылады, – дейді жергілікті билік өкілдері. Сондай-ақ отбасының әр мүшесіне 200 мың теңгеден бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Мәселен, 7 баласы бар Шир-Әли Өзбекидің отбасы Көкшетаудағы фабриканың жатақханасына жайғасты. Және сол фабрикаға жұмысқа орналасатын болды. Балаларға да тиісті көмек көрсетіліп, жан-жақты қолдау жасалады.

Шир-Әли Өзбеки, қандас:

– Әкелеріміз айтушы еді, «біз қазақпыз». Менің әкем 90-ға келіп қайтыс болды. «Біз қазақпыз, мен өлдім. Жол табыңдар, Қазақстанға кетіңдер. Бұл Иран, Ауғанстанға тұрмаңдар» деуші еді. Көшіп келдік Қазақстанға, қуаныштымыз. Көп жақсылық көрсетіп жатыр. Бізді Ауғанстаннан ұшақпен алып келді. Разымын. Киім әкеліп берді, кидік. барлығын алып келіп жатыр.