Қарағандылық екі азамат екпе алып, көлік мінді

Қарағанды облысында екі бірдей азамат екпе алып, көлік мінді.

Ұтыс жеңімпаздарының бірі Күзембаев шахтасының электрослесарі екен. Лоторея нәтижесі шыққан кезде жұмыста болып, жүлделі болғанын естімеген. Тосын сыйға тосырқап қалды.

Вакцинадан кейінгі ұтыс ойынына көмір шахталарынан 5 мыңға жуық жұмысшы қатысқан. Екінші көлік металлургиялық комбинаттағы конвентор цехының слесарына бұйырды. Түнгі ауысымнан шыққан оған қуанышты хабарды әріптесі жеткізген. Бұл оның алғашқы көлігі екен. Жалпы бұл күні бұдан өзге 20 адамға 50 мың теңгенің сертификаты берілді.

Айта кету керек, қазір металлургиялық комбинат пен көмір шахталарында 26 мың адам еңбек етсе, соның 90 проценті вакцина алған.

Нұрхан Смағұлов, конвентр цехының слесары:

– Осындай ұтысқа қатыу туралы ойды бастығымыз айтты. Сосын қатыстым, вакцинаға алғаным үшін осылай көлік ұтып алдым. Осы ұтысты ұйымдастырғандарға алғысымды айтамын. Екпе алуға барлығын шақырамын. Екі вакцинаның екеуін де алдым, өзімді жақсы сезінемін.