Ақтөбелік шаруалар дизель отынын іздеп жүр

Ақтөбелік шаруалар дизель отынын таппай әлек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, ірі жанар-жағармай құю станциялары жоқ шалғай аудандардағы қожалық иелері облыс орталығынан іздеуге көшкен. Бірақ қаланың өзінде де табу қиын. Көп жерде тек арнайы талонмен беріледі. Ал еркін саудадағы дизель отынының бағасы едәуір өскен. Жаз айларында әр литрі 185-190 теңгенің көлемінде болса, қазір 220 теңгеден жіберілуде. Мұндай жағдай шаруаларға оңай тимей тұр. Себебі, кей аудандарда егін мен шөп шабу науқаны әлі де жүріп жатыр. Олардың айтуынша, күзгі далалық жұмыстарға арналған арзандатылған дизель отынын алу да қиындап кетті.

Марлен Баймағамбетов, «Ақтөбе фермерлік орталығы» қауымдастығының жетекшісі:

- Ең басты проблема арзандатылған жағармай қолжетімсіз болып отыр. Біздің Ақтөбе облысына белгісіз себептермен 13 теңгеге қымбаттап отыр. Оны да алу қазір көптеген проблемалар бар. Және де мына қазір біздің көптеген шаруашылықтар Темір ауданына Ойыл ауданынан жанармайдың жоқшылығына наразылық білдіріп жатыр. Олар сол Ақтөбеге, Қобдаға 150-200 километрге солярка іздеп қаңғып жүреді.