425,95 492.05 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

iPhone 13 экраны ашпас бұрын вакцинация мәртебесін растауды сұрайды – фейк

  • 123
  • UPD: 11:09, 23.09.2021
iPhone 13 экраны ашпас бұрын вакцинация мәртебесін растауды сұрайды – фейк pochemu.wiki

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жаңа iPhone моделінің экранын вакцинация паспортының көмегімен ашуға болатындығы туралы хабарлама таратылуда. Бұл жалған ақпарат, деп Stopfake.kz.

Бұл ақпараттың дереккөзі – ойдан шығарылған жаңалықтар жариялайтын The Babylon Bee сатиралық басылымы. Вакцинация паспортын сұрайтын iPhone 13 жаңа моделі туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды. Ол Apple презентациясына пародия ретінде жасалған видеомен ұсынылады. Шын презентацияны мына жерден көруге болады.

Видеода пародист Apple бас директоры Тим Кукты келтіріп, iPhone 13 телефоннының иесінің егілмегеніне күдіктенген жеке көмекшісі Siri-дің полиция шақырғанын көрсетеді.

Кейбір пайдаланушылар ойдан шығарылған ақпаратты шын деп қабылдаған.

Фейктің шығуына Apple-дің iOS 15.1 Apple Wallet-те COVID вакцинация карталарын тексеретін карталарды қолдайтындығы туралы мәлімдемесі болды. Бұл ақпарат ресми дереккөздерде жарияланды. Пайдаланушылар Health қосымшасында COVID-19 қарсы вакцинация паспорттары мен тест нәтижелерін жүктеп, сақтай алады және қажет болған жағдайда оларды өз мәртебесін растау үшін қолдана алады.

Хабар 24 телеарнасы