425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздегі тағы бір әуежайда цифрлық құжатты қолдану мүмкіндігі пайда болды

  • 95
  • UPD: 12:21, 23.09.2021
Еліміздегі тағы бір әуежайда цифрлық құжатты қолдану мүмкіндігі пайда болды Gov.kz

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин фейсбук парақшасында жазды.

«Қазақстанның тағы бір әуежайында цифрлық құжатты қолдану мүмкіндігі пайда болды. Енді Түркістан әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін Egov Mobile қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті пайдалануға болады.

Бұл жұмысты ИИДМ бірге атқарып жатырмыз. Бұл орайда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа алғыс айтамын.

Пилоттық тәртіпте іске қосылған цифрлық құжаттар сервисі қазір бірнеше қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Түркістанда қолжетімді» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы