Теміртау халқының 63 проценті вакцина алды

Теміртау қаласы халқының 63 проценті вакцина алды. Жыл соңына дейін толық қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 62 мың тұрғын вакциналаудан өткен.

Жылжымалы кешен әсіресе сауда саласындағы кәсіпкерлер үшін тиімді болып тұр. 

Гүлім Шағалам, қала тұрғыны:

- Енді менің үш балам бар. Жолдасым жұмыста. Біз енді далаға шығамыз. Адамдармен қарым-қатынас жасаймыз. Сол үшін өзімді және өзімнің отбасымды аурудан сақтап қалу және алдын алу үшін осы қадамға бардым. Балаларыма біз арқылы жұғып кетпес үшін алдым. Туған-туысқандарына ертең жұқтырып алып, өзін кінәламас үшін екпе салдырған абзал. Сақтық шараларын әрқашан сақтау керек.