Қазақстанда 3 жарым миллион адамның жалақысы өседі

Ең төменгі жалақы көлемінің ұлғаюы 3 жарым миллион қазақстандықтың табысына оң әсер етеді. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың айтуынша, мұндай өзгеріс халықтың тауар сатып алу мүмкіндігіне ықпал етеді. Нәтижесінде, өндіріс көлемі ұлғаяды. Басында инфляция артады, алайда уақыт өте келе бұл көрсеткіш тұрақталады,– деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол жалпы ішкі өнім бір жарым процентке артатынын айтты. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Қазір жалақысы 60 мың теңгеден аспайтын 1 миллион 600 мың адамның табысы ұлғаяды. 60 мың теңгеден сәл көп алатын 2 миллионға жуық азаматымыздың қаражаты да өседі. Қазір біз алдағы 3 жылға арналған бюджетті қалыптастырып жатырмыз. Құжатта бюджеттік ұйымдарда қызмет атқаратындардың да еңбекақысын көтеру мәселесі қарастырылмақ.