«Шенеуніктердің «шыдай тұрыңдар» деген уәдесінен шаршадық». Павлодарлықтар жарты жыл ыстық сусыз отыр

Павлодарда жылыту маусымы жылдағыдан ерте басталды. Мыңға тарта үй кезек күтіп тұр. 

Әлеуметтік мекемелер жылу жүйесіне қыркүйектің 16-да қосылды. Қазір облыс орталығында жылумен қамтылған үйлердің саны 150-ге жеткен. Мыңға тарта үй кезек күтіп тұр. Себебі су мен жылу магистральдарында басталған жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кеткен. Коммуналдық сала қызметтері қыс мезгіліне дайындық барысында көптеген құбырдың жарылғанын анықтаған. Осының кесірінен Павлодардағы көпқабатты үйлер ала жаздай ыстық суға жарымады. Мәселен Катаев көшесіндегі үйдің тұрғындары шенеуніктердің сәл «шыдай тұрыңдар» деген уәдесінен әбден мезі болыпты. Әлі қанша уақыт күтетіндерін білмейді. Себебі уәделі мерзім күн сайын өзгереді.   

Юлия Петрова, қала тұрғыны:

– Кестеге қарап көзіміз талды. Басында 28 қазанға қойды. Одан кейін 23 қыркүйекке ауыстырды. Осы уақытқа дейін шыдап келдік. Кеше қазанның 15-не ауыстырылғанын хабарлады.

Салтанат Әкімбекова, қала әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

 – Көпқабатты үйлерде ыстық су мен жылудың жоқтығы күрделі және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен тікелей байланысты. Себебі гидравликалық сынақтар жүргізілген кезде көптеген олқылықтар анықталды.

Сондай-ақ...