426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде зағип жандарға арналған кітап тапшы – Мәдениет және спорт министрлігі

  • 139
  • UPD: 22:17, 23.09.2021

Елде зағип жандарға арналған кітап тапшы. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, көзі нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін азаматтар үшін нүктелі-бедерлі шрифтпен жазылған кітап қорын көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, аудио кітап санын арттыру да жоспарда бар. Бұдан бөлек, елде алғаш рет «Өнерпаз болсаң» атты республикалық фестивалі ұйымдастырылмақ.

 Ақан Абдуалиев, Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы:

– Республикалық кітапханада сканер басқа аппараттардың жоқтығын сездірмес үшін өздері компьютерден теріп, сол жерде мамандар жұмыс істеп отыр. Арнайы сканер аппараттары бар. Сол арқылы көбейтіп, мүмкіндігінше таратып отыр. Қазір осыны алға қарай ілгерілету үшін жұмыстар жүріп отыр. Зағип жандарға арналған кітап шығару жолдарын бір ретке келтіру үшін жұмыстар жасалып жатыр.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы