Отандық ғалымдар: QazVac «Дельта» штамынан толық қорғайды

Қазақстандық QazVac «Дельта» штамынан толық қорғайды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы ғылыми-зерттеу институтының мамандары мәлімдеді. Арнайы жүргізілген сынақ нәтижесінде вирусты бейтараптандыратын антиденелер зерттеуге қатысқан еріктілердің 90% астамында анықталған. Демек, отандық вакцина вирустың үш түріне де қарсы тиімділігін көрсетті. Соның ішінде ең қауіпті саналатын «Дельта» штамынан қорғауға қауқарлы.